Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қайтарылған активтер: Қарағанды облысында 51 амбулатория салынды

Бүгiн, 06:35
138
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Қарағанды облысында денсаулық сақтау жүйесін ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Әсіресе ауылдық жерлерде медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға басымдық беріліп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2025 жылы өңірде амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттерді қамтитын 66 жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді. Оның 51-і мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған.

Сонымен қатар медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Көптеген жылдардан бері алғаш рет жедел медициналық жәрдем автопаркі толық жаңартылып, 113 мамандандырылған көлік пен заманауи жабдықталған екі реанимобиль сатып алынды.

Жоғары технологиялы медицинаны дамыту да назардан тыс қалмады. Х. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханада Қазақстанда алғаш рет нейрохирургиялық робот іске қосылды. Жасанды интеллект элементтері бар бұл құрылғы миға жоғары дәлдіктегі операциялар жасауға мүмкіндік береді.

Аталған жобалар өңір тұрғындарына, әсіресе шалғай елді мекендерде тұратын халыққа медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы