Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қайтарылған активтер: Ақтөбедегі арнайы балабақша қашан ашылады?

20 Маусым 2025, 12:31
943
Бөлісу:
 "КазСтройПодряд" ЖШС
PHOTO
Фото: "КазСтройПодряд" ЖШС

Ақтөбе қаласында қайтарылған активтер есебінен ерекше балаларға арналған балабақша салынып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Ләззат Ордабаеваның айтуынша, бүгінде өңірде арнайы балабақшамен қамтылмаған 1161 бала бар. 

Қайтарылған активтер: Ақтөбедегі арнайы балабақша қашан ашылады?

Осы орайда Ақтөбеда арнайы түзетім балабақшасының құрылысы жүріп жатыр. Жоба құны – 7,6 млрд теңге.

Соңғы жылдары өңірде ерекше балалардың саны артуда. Бүгінде облыста сөйлеу қабілеті бұзылған – 711, тірек-қимыл аппараты бұзылған – 10, психикалық дамуы тежелген – 333, аутизмі бар – 43, көру қабілеті бұзылған – 46, интеллекті бұзылған 18 бала бар. Осы балаларды арнайы біліммен, тәрбиемен қамту үшін Есет батыр тұрғын алабында 300 орындық арнайы балабақша салынып жатыр. Бұл нысан – облыстағы қайтарылған активтер қаржысы есебінен салынып жатқан жалғыз білім ошағы, - дейді ол.

Балабақша құрылысын жүргізіп жатқан "КазСтройПодряд" ЖШС инженері Нұрсұлтан Қалдымұратовтың айтуынша, жобаны аяқтау мерзімі – 2026 жылдың қазан айы. Қазір мұнда 100 адам жұмыс істеп жатыр.

Қайтарылған активтер: Ақтөбедегі арнайы балабақша қашан ашылады?

Құрылыс жұмыстары биыл 10 сәуірде басталды. Қазір іргетасын құйып жатырмыз. Ешқандай мәселе жоқ, жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Балабақша ғимаратына келсек, нысан екі қабатты, жертөлесі және бар. Жалпы ауданы 20 мың шаршы метрден асады. Нысан 6 блоктан тұрады: 1-блок – тірек-қимыл жүйесінде зақымы бар, 2-блок – көзі көрмейтін, 3-блок – сөйлеу тілінде ақауы бар, 4-блок интеллекті бұзылған балаларға арналады. Ал 5-блок әкімшілік бөлімі болса, 6-блокта кіреберіс, фойе және бақ жасақталады, - дейді ол.

Еске салсақ, елімізде қайтарылған активтер қаражаты есебінен 318 млрд теңгеге 400-ден астам әлеуметтік нысан салынып жатыр.

Қайтарылған активтер: Ақтөбедегі арнайы балабақша қашан ашылады?
Өзгелердің жаңалығы