Қайта қылмыс жасайтындар саны 20,1% азайған

29 Қазан 2019, 20:49
2475
Бөлісу:
Қайта қылмыс жасайтындар саны 20,1% азайған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың басынан бері сотталғандардың арасында қайта қылмыс жасау 20,1%-ға азайды.

Бұл туралы бүгін Алматы қаласында өтіп жатқан "ІІ Орта Азиялық диалог: түрмедегі адамдар санын азайту және пробация қызметін дамыту" халықаралық конференциясында Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің өкілдері хабарлады.

ҚАЖ комитетінің айтуынша, сотталғандардың қайта қылмыс жасауы олардың түзу жолға түсуге деген ниетінің, тұрақты жұмыс орнының болмауынан, сондай-ақ ішімдікке салыну кесірінен орын алады.

"Ал сотталғандардың арасында мұндай қылмысқа жол бермеудің негізгі әрі айрықша әдісі ретінде ҚАЖ комитеті өкілдерінің ойынша, қылмысқа барудағы алғашқы салдарын анықтап қарағанда, көбінесе сотталғанның әлеуметтік бағыттан алшақтауынан, яғни тұрмыстық проблемаларының дұрыс жолға қойылмағандығынан болып отыр дейді", - делінген хабарламада.



Өзгелердің жаңалығы