Микаэль Аскаров «Қайрат» футбол клубынан кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
«Қайрат» футбол клубы Instagram-дағы парақшасында спортшының не себепті кеткеніне қатысты түсініктеме берді.
Микаэль Аскаров «Қайраттан» кетті. 21 жастағы қорғаушымен жасалған келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды. Микаэльге алдағы мансабында сәттілік тілейміз!, - делінген клуб таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» Антон Крачковскийдің клубтан кететінін, мансабын «Динамода» жалғастыратынын мәлім еткен еді. Крачковский «Қайрат» сапында 2022 жылдың басынан бері ойнады. Ол «сары-қаралар» құрамында жалпы 55 матч өткізіп, 1 гол салып, 7 нәтижелі пас берді.