Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Қайрат" – "Реал" матчы: Алматыға қанша мадридтік жанкүйер келеді

Нұрқанат Атажан
12 Қыркүйек 2025, 16:14
848
Бөлісу:
 Instagram/realmadrid
Фото: Instagram/realmadrid

30 қыркүйек күні Алматыда өтетін Чемпиондар лигасының “Қайрат” – “Реал Мадрид” матчына мыңнан астам испан жанкүйері келеді деп күтілуде. Олар өз командаларын қолдау үшін 6500 шақырымнан астам жолды еңсереді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

“Қайрат” футбол клубының мәліметінше, жақында Испанияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Луис Франсиско Мартинес Монтес алматылық клубқа арнайы келді. Сапар барысында елші клубтың инфрақұрылымымен танысып, оның жоғары деңгейін атап өтті. 

Сондай-ақ базаны Еуропаның жетекші клубтарының жағдайымен салыстырды.

Бұған дейін билеттердің сатылымы қыркүйектің жиырмасыншы күндері – ойынға 10 күн қалғанда басталатыны хабарланған еді. Футбол клубы жанкүйерлерге үшінші тұлғалардың хабарландыруларына сенбеуге және билеттерді тек ресми арналар арқылы сатып алуға кеңес береді.

Айта кетейік, «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеттері 20 қыркүйектен бастап сатылымға шығатын болды.

Өзгелердің жаңалығы