Қайрат Құдайбергенді қамау мерзімі тағы ұзартылды

22 Шілде 2022, 11:48
1637
Бөлісу:
Қайрат Құдайбергенді қамау мерзімі тағы ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергеннің қамаудағы мерзімі төрт айға ұзартылды.

Алматы Тергеу сотының 21 шілдедегі шешімімен күдіктіні қамауда ұстау мерзімін ұзартуға санкция беру туралы өтінішхат мақұлданды. Ішінара мақұлданды, яғни төрт айға дейін. Ұзарту мерзімі 21 тамызға дейін», - деп хабарлады ҚазТАГ агенттігіне Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Алматы қалалық мәслихатының экс-депутаты Қайрат Құдайбергеннің ісі бойынша егжей-тегжейлі мәлімет Алматы прокуратурасында жарияланған болатын. Құдайбергенді қаңтар оқиғасы кезіндегі Алматыдағы тәртіпсіздіктер барысында 24 адамды ұрлады деп айыпталып отырған, "жабайы Арман" лақап атымен таныс криминалды авторитет Арман Жұмагелдиевтің жанында жиі көрген болатын. Аталған 24 адамның бірі кейіннен қайтыс болды. Қазір "жабайы Арман" тергеу кезінде қамауда. 22 сәуір күні таңертең Қайрат Құдайберген жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына орналастырылғаны белгілі болды. 20 шілдеде Құдайберген Алматы қалалық мәслихатындағы депутаттық мандатынан айрылып, Amanat партиясынан шығарылды.

Өзгелердің жаңалығы