Алматыда УЕФА Чемпиондар лигасы аясында Қайрат пен мадридтік Реалдың ойыны өтеді. Шетелден 4 мыңға жуық жанкүйер келуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Туристер келуі үшін Алматы қаласы инфрақұрылымы, қонақ үйлер - қабылдауға бәрі дайын. Бұған дейін де үлкен іс-шаралар өткен болатын. Экономикаға қандай нәтиже алып келді нақты ойын аяқталған соң айтамыз, - деді ТСМ туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.
БАҚ өкілдері бююжетке қанша қаржы түсетініне байланысты алдын-ала болжамның қандай болатынын нақтылады.
4 мың турист келетін болса, шамамен 2- 3 млрд сомасында қаражат болады, - дейді спикер.