"Қайрат" өз алаңында "Реал Мадридке" есе жіберді

"Қайрат" өз алаңында "Реал Мадридтен" 0:5 есебімен ұтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 instagram.com/f.c.kairat 30 Қыркүйек 2025 2025, 23:38
30 Қыркүйек 2025 2025, 23:38
853
Фото: instagram.com/f.c.kairat

Алматының орталық стадионында Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турында "Қайрат" футол клубы мадридтік "Реалды" қабылдады. Отандастарымыз "Реал Мадридтен" 0:5 есебімен ұтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ойынның алғашқы минуттарында "Қайрат" бірнеше рет қарсыластар қақпасына шабуыл жасағанымен, сәтсіз болды. Кездесудің алғашқы есебін «Реалдық» Килиан Мбаппе ашып, алматылық клубтың қақпасына гол соқты. Бірінші тайм 0:1 есебімен аяқталды.

Ал екінші таймда "Реал" ойыншылары "Қайрат" қақпасын тағы да төрт рет дәл көздеді.

Ойынның екінші жартысында Мбаппе қатарынан екі гол соқты да, алаңнан алыстады. Төртінші голдың авторы - Камавинга. Ал Браим "Қайрат" қақпасына бесінші голды салды.

Наверх