Қайрат Нұртастың жұбайы оқырмандарынан көмек сұрады

Кеше, 20:48
411
Бөлісу:
Қайрат Нұртастың жұбайы оқырмандарынан көмек сұрады
Фото: pixabay.com

Ол өмірінде жаңа кезең басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова сот процестері аяқталғаннан кейін, алынбаған коттедж бен жоғалған баспанаға қатысты, өзінің өмірінде жаңа кезең басталғанын мәлімдеді. 

Өмірімде жаңа кезең басталды. Алда көптеген жақсы жаңалықтар бар, олармен бөлісетін боламын, – деп хабарлады ол.

Мүмкін, актриса жаңа баспанаға көшуге дайындалып жатқан болар. Желі қолданушылары оның жазбаларынан кейін осындай болжам жасады.

Ол жазылушыларынан интерьер дизайнын табуға, жөндеу жұмыстарымен айналысатын құрылыс компанияларын және жиһаз жасайтын орталықтарды ұсынуға көмек сұрады.

Қазір мен үшін жөндеу, интерьер дизайны тақырыбы қызықты... өйткені жөндеу жұмыстарына дайындық жүріп жатыр, – дейді жұртты қызықтырып қойған Нұртастың жұбайы.

Өзгелердің жаңалығы