Қайрат Нұртастың үкімі өзгеріссіз қалатын болды

9 Шілде 2024, 15:52
396
Бөлісу:
Қайрат Нұртастың үкімі өзгеріссіз қалатын болды
Фото: instagram.com/kair_n

Астана қалалық сотында Қайрат Нұртасқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс апелляциялық тәртіппен қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоғарғы Сот баспасөз қызметінің хабарлағандай, бұған дейін әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен Қайрат Нұртас ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынған болатын.

Бірінші сатыдағы сот Қайрат Нұртастың ұшақтың ішінде жанжалдасу кезінде азамат Бекқайыровқа қол жұмсап, оның денсаулығына жеңіл зиян келтіріп, төбелес кезінде балағат сөздер айтқанын анықтады.

Құқық бұзушының адвокаты қаулымен келіспей, 434-баптың 2-бөлігі бойынша шағымданып, құрамның болмауына байланысты соттан іс жүргізуді тоқтатуды сұрады. Қаулының күшін жою үшін негіз анықталмағандықтан апелляцияның 2024 жылғы 9 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың сот актісі өзгеріссіз қалдырылды, - делінген хабарламада.

Қаулы заңды күшіне енді.

Бұған дейін Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынғанын жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы