Танымал әнші Қайрат Нұртастың түрмеден қашан шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова ұлын 19 шілдеде босатып алатынын Instagram-да жазды.
Қайрат Нұртас ұшақта қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 15 тәулікке қамалған болатын.
Сот процесінде Қайрат Нұртас ұшақта Бекқайыровпен жанжалдасып, оған қол жұмсап, денсаулығына жеңіл зиян келтіріп, балағат сөздер айтқаны анықталған еді.
9 шілдеде Астана қалалық сотында Қайрат Нұртасқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс апелляциялық тәртіппен қаралды. Алайда қаулының күшін жоюға негіз анықталмағандықтан апелляцияның 2024 жылғы 9 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың сот актісі өзгеріссіз қалдырылды.
Бұған дейін танымал шоумен Тұрсынбек Қабатов та ұшақта құқық бұзып, 5 тәулікке қамалған болатын.