Әнші Қайрат Нұртасқа қатысты тағы шу шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы kozachkow телеграм-арнасында хабарланды.
Белгілі болғандай, Қайрат Нұртас Алматыдан Астанаға ұшып бара жатқан ұшақта жанжал шығарған.
Төбелес салдарынан зардап шеккен жолаушы жеңіл жарақат алған.
Астанаға қонғаннан кейін полиция қызметкерлері екі бұзақыны да бөлімшеге жеткізген.
Салдарынан эстрада әншісіне екі әкімшілік бұзушылық бойынша хаттама толтырылды: адам денсаулығына қасақана жеңіл зардап тигізу және қайтадан ұсақ бұзақылық жасау.
Сонымен қатар Қайрат Нұртасқа қатысты "Әуе кемесінде жасалған бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары тіркелген. Аталған баптың санкциясы бойынша әртіс бес жылға дейін сотталуы мүмкін.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қайрат Нұртас көлікте қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.
Сонымен қатар, бұған дейін әзілкеш Тұрсынбек Қабатов 5 тәулікке қамауға алынғанын жазған болатынбыз.