Сарыарқа аудандық №2 соты Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Судья Назгүл Бапақова үкімінде ҚР Қылмыстық кодексі 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес Боранбаев, Нахановтың мүлкі тәркілеп, 8 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалғанын мәлім етті.
Олар өмір бойы мемлекеттік қызметте, сотта, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банк пен оған қарасты ведомстволарда, Қаржы нарығын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда қызмет атқару құқығынан айрылсын. Сонымен қатар, қаржы ұйымдарында, мемлекеттік ұйымдарда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет етуге де тыйым салынады, - деді Назгүл Бапақова.