Қазақстанның соңғы жаңалықтары

«Қайрат» 2025 жылғы суперкубок иегері атанды

22 Ақпан 2025, 18:10
707
Бөлісу:
 instagram/f.c.kairat
Фото: instagram/f.c.kairat

2025 жылғы ел Суперкубогы үшін өткен ойында алматылық "Қайрат" "Ақтөбеден" 2:0 есебімен басым түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылғы Қазақстан чемпионы өткен маусымдағы Кубок иегерін 2:0 есебімен жеңді. Сонымен қатар, матч соңында алматылық команда бір ойыншыға кем болды.

Екінші таймда “Қайраттың” футболшысы Еркін Тапалов екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды.

Матчтың алғашқы жартысында командалар тең ойын көрсетті.

Алайда екінші таймда 2024 жылғы КПЛ жеңімпазы өз ойынын күрт өзгертті, батысқазақстандықтардың қақпасы алдында қауіпті сәттер көбейе бастады.

58-минутта "Қайрат" өз дегеніне жетіп, есепті бразилиялық Элдер Сантана ашты.

Ал ойынның соңында белоруссиялық легионер Валерий Громыко матчқа нүкте қойды – 2:0.

 

Өзгелердің жаңалығы