Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қайғылы оқиға: Жедел жәрдем көлігі адам қағып, ажал құштырды

13 Маусым 2025, 16:23
1498
Бөлісу:
 Бауыржан ЖУАСБАЕВ  - архив
VIDEO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Алматы облысында қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алды. 11 маусым күні түнгі уақытта Алматы – Өскемен автожолының 75-ші шақырымында Hyundai H350 маркалы жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Оқиға салдарынан зардап шеккен азамат оқиға орнында алған ауыр жарақаттарынан көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қайғылы жағдай бойынша Алматы облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, алдын ала тергеу амалдары басталғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтау үшін тергеу шаралары жүргізілуде.

Жедел жәрдем көлігінің қайғылы оқиғадан кейінгі сәтінің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Облыстық полиция департаменті тұрғындарды жолда мұқият болуға шақырады. Атап айтқанда, жүргізушілерге түнгі уақытта және елдімекендер маңында жылдамдықты шектен тыс асырмай, аса сақ болу ұсынылады. Ал жаяу жүргіншілерге белгіленбеген жерден өтпеу, сондай-ақ түнгі уақытта жарық шағылтатын киім элементтерін пайдалану секілді қарапайым ережелерді сақтау ескертіледі.

Жол апаттарының алдын алу – әр азаматтың жауапкершілігі. Жол қозғалысы ережелерін қатаң ұстану арқылы біз өз өміріміз бен өзгелердің амандығын қамтамасыз ете аламыз.

Өзгелердің жаңалығы