Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қай уақытта душқа түскен пайдалырақ: таңертең бе, әлде кешке ме?

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
22 Қыркүйек 2025, 12:16
831
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Көпшілікті мазалайтын сұрақ – душты таңертең қабылдаған дұрыс па, әлде кешке ме? Мамандардың айтуынша, екі нұсқаның да өз артықшылығы бар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Таңғы душтың пайдасы

Түнгі ұйқы кезінде ағза тер мен май бөледі.

Таңертеңгі душ:

  • сол қалдықтарды тазартып, теріні сергітеді;
  • қан айналымын жақсартып, оянуды жеңілдетеді;
  • көңіл-күйді көтеріп, жұмысқа немесе оқуға жігер береді.

Кешкі душтың пайдасы

Күн бойы сыртта жүргенде терімізге шаң-тозаң, бактерия жиналады.

Кешкі душ:

  • күндізгі кір мен ластанудан арылтады;
  • денені босаңсытып, ұйқыға жақсы әсер етеді;
  • аллергия немесе тері тітіркенуінің алдын алады.

Кешке жуынғанның өзінде, төсек-орын жабдықтарын уақытылы ауыстыру маңызды. Өйткені шаң кенелері мен бактериялар жиналып, тері ауруларын асқындырып, аллергияны күшейтуі мүмкін. Мамандардың айтуынша, төсек жабдығын кемінде екі аптада бір рет жуып тұру қажет, - деп жазды BBC.

Маман кеңесі

  • Душты күніне бір рет қабылдау жеткілікті.
  • Қолтық, бет, интимдік аймақ сияқты негізгі жерлерді күнде жуу міндетті.
  • Таңғы не кешкі душ – жеке өмір салтыңызға байланысты.
  • Гигиена мен төсек-орын тазалығын сақтасаңыз, қай уақытта жуынғаныңыз маңызды емес.
Өзгелердің жаңалығы