Үшінші сыныпты гвардия сержанты Бақытжан Шоқақов өмірін Отанға қызмет етуге арнауды жас кезінде-ақ шешіп қойған. Ол 2003 жылы, яғни 18 жасында мерзімді әскери қызметке шақырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сол кезде Отанды қорғау тек перзенттік және азаматтық борышы емес, өмірлік ісі екенін түсінеді.
Біреу үшін күнделікті жаттығулар, күшейтілген дене дайындықтары, жағдайды бағдарлай білу, арасы жақын жауынгерлік дайындықтар мен салмағы шамамен 30 келі толық оқ-дәрімен алыс қашықтыққа марш жасау мүмкін емес болып көрінуі мүмкін. Бірақ сержант Шоқақов олай ойламайды. Ол жауынгерлік дайындықтың үздігі және кез келген тапсырманы орындайды. Төзімді және берік. Өз іс-әрекеттеріне сенімді. Ұшақтар мен тікұшақтардан орындаған парашютпен секірулері де аз емес. Жақсы дос және сенімді жауынгер. Әріптестері мен басшылығы Бақытжанды осылай сипаттап отыр. Бұл дұрыс та. Өйткені гвардия сержанты, десантшы болу - мақтаныш.
Бақытжан Шоқақовтың әскерде жүргеніне 20 жыл болды.
"Егер де сен қайтадан 18 жаста болсаң, қай жолды таңдар едің?" деп сұраса, "басқа өмірдің маған қажеті жоқ" деп жауап берер едім, - дегендей бұл түсінікке бүкіл жанын, барлық патриоттық сезімін, Отан қорғауға және қызмет етуге деген ыстық ықыласын салуын күлімсіреп мойындайды.
Егер де сенімді тыл болмаса, жауынгер өз қызметінің үлгісі бола алмайды, - деп есептейді Бақытжан.
Өмірдегі адал және сенімді жары, көмекшісі Самалмен бірге бес бала тәрбиелеп отыр. Үш ұл мен екі қыз бала.
Балаларға бұдан артық жақсы үлгі болу мүмкін емес, - дейді жұбайы Самал.
Ұлдары да әкесіне қарап, Отан қорғайтын азамат болуды жоспарлап қойған. Өйткені олардың әкесі - батылдық пен ерліктің үлгісі.
Қазір мемлекет әскери қызметшілер үшін әлеуметтік кепілдіктерге көп көңіл бөліп жатыр. Жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасы бар, жалақы уақытында төленеді, сонымен қатар офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметкершілер отбасының әр мүшесіне тұрғын үй өтемақысын алады. Бұл жауынгерлерге бүгінгі және ертеңгі күндеріне сенімділік береді. Мұндай қызмет ауыртпашылық емес, керісінше қуаныш сыйлайды. Расында, қай сала болмасын, ең бастысы – оны сүйіп, мінсіз орындау, - дейді үшінші сыныпты гвардия сержанты.
Бақытжан жұмыста да, үйде де бәріне үлгереді. Балаларын тәрбиелеуге ерекше көңіл бөледі. «Не ексең, соны орасың» дегендей. Ал балалар – ел болашағы, сондықтан оларды адал, Отанына берілген, жауапкершілікті, ұқыпты азамат етіп тәрбиелеу керек. Гвардия сержанты осындай қасиеттерді ұл-қыздарының бойына дарытып жатыр. Ол бос уақытында гитарамен ән салып, достық сұхбаттар мен әңгімелер жағынан 32363 әскери бөліміндегі өзі сияқты жаужүрек әріптестерінің алды.
Міне осындай Отан қорғаушылар бар кезде, еліміздің қауіпсіздігі берік, әрі сенімді қолда екеніне халық сенімді.