Қай өңірлерде өрт қаупі өршіп тұр?

Қазгидромет 11 маусымда еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы болатынын хабарлады. Синоптиктер өрт қаупі еліміздің барлық аймақтарында сақталатынын жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

10 Маусым 2023 2023, 21:31
АВТОР
 BAQ.KZ  - архив 10 Маусым 2023 2023, 21:31
10 Маусым 2023 2023, 21:31
1170
Фото: - архив

Қазгидромет 11 маусымда еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы болатынын хабарлады. Синоптиктер өрт қаупі еліміздің барлық аймақтарында сақталатынын жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

9 өңірде төтенше өрт қаупі сақталып отыр:

Түркістан қаласында, Ақтөбе, Қызылорда, Алматы, Маңғыстау, Жамбыл, Абай, Ақмола, Жетісу облыстарында.

Облыстардың жекелеген учаскелерінде төтенше өрт қаупі жоғары екені байқалады:

- Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде;

- Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында;

- Ұлытау облысының орталығында, Қарағанды өңірінің оңтүстігінде;

- Қостанай облысының оңтүстік жартысында;

- Павлодар облысының солтүстігінде.

- Батыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.

Наверх