Қай өңірде кеңсе тауарларының бағасы қымбаттап кетті?

18 Тамыз 2022, 12:17
1189
Бөлісу:
Қай өңірде кеңсе тауарларының бағасы қымбаттап кетті?
Фото: Хабар24

Биыл  шілде айында кеңсе тауарларының бағасы бір жылда 12,3%-ға өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңірлер бойынша шолып шықсақ,  Түркістан облысының тұрғындары бағаның өсуін барынша сезінді. Ол жақта 50,1%-ға қымбаттаған. Баға Атырау (31,1%) және Ақмола (14,7%) облыстарында және Алматыда (14,5%) айтарлықтай өскен. 

Бағаның ең төменгі жылдық өсуі Жамбыл облысында тіркелген екен - 1,2%.

Мысалы, сурет салуға арналған альбомның бағасы бір жылда 14,1%-ға өсті, қалам 13,2%-ға, түсті қарындаштар жиынтығы  12,1%-ға, дәптер - 12%-ға, А4 форматындағы қағаз-10,6%-ға қымбаттады.

Жалпы, биыл шілде айында білім беру қызметтерінің бағасы 11,5%-ға өсті. Оның ішінде мектепке дейінгі білім беру қызметі бір жылда 7,1%-ға, орта білім беру  6,8%-ға, кәсіптік орта білім беру  11,7%-ға, жоғары білім беру 17,7%-ға, ересектерге арналған білім беру 10,7%-ға қымбаттаған.

Өңірде білім беру қызметтеріне бағаның ең жоғары өсуі Атырау (50%-ға), Павлодар (19,4% - ға) және Шығыс Қазақстан (19,1% - ға) облыстарында байқалды.

Өзгелердің жаңалығы