Қай өңірде баспана арзан

12 Қараша 2024, 15:23
386
Бөлісу:
Қай өңірде баспана арзан
Фото: Артём Чурсинов -архив

Бір жылда (2024 жылғы қазан 2023 жылғы қазанға) пәтерлерді қайта сату бағалары – 3,9%, жаңа тұрғын үйлерді сату 2,3% өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2024 жылғы қазанда 6,7% жоғарылады.

Өңірлер бөлінісінде жаңа үйлер нарығында жылдық мәнде баға Тараз – 8,6%, Ақтөбе – 7,9%, Талдықорған – 7,2%, Көкшетау, Қызылорда қалаларында – 7,1%-дан едәуір өскен. Қолданыстағы үйлер нарығында баға өсімінің көш басын Атырау (24,7%) мен Астана қаласы (11,3%) бастап тұр, тұрғын үйді жалға алу нарығында – Орал (24,2%), Шымкент (21,9%) және Петропавл қалалары (21%).

Бір айдың ішінде (2024 жылғы қазан 2024 жылғы қыркүйекке) жаңа тұрғын үйді сату 0,6% өсті, ал пәтерлерді қайта сату 0,4% төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі қазанда өткен аймен салыстырғанда 0,6% жоғарылады.

2024 жылғы қазан айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 39 143 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 8 690 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 30 453 мәміле жасалды. 2024 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда (39 543) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 1%-ға азайды. Мәмілелер саны бойынша Алматы (7 642 – 19,5%) және Астана (6 993 – 17,9%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 997 – 7,7%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 527 мәміле (1,3%), - делінген хабарламада.

2024 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда қазанда ең көп өсім Ұлытау (+33,1%), Қызылорда (+22,6%) және Абай (+21,2%) облыстарында тіркелді. Ал бір айдағы ең үлкен төмендеу Батыс Қазақстан (-21,5%), Солтүстік Қазақстан (-19,8%) және Жетісу (-8,6%) облыстарында болды.

2024 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны бойынша жағдай тұрақты, азаю тек 0,2%-ға (54 мәмілеге). 2024 жылдың қазан айында пәтерлер бойынша барлығы 30 453 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 77,8%-ы. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Алматы (23,2%), Астана (22,6%) қалаларына және Қарағанды облысына (8,3%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, 2024 жылдың қазан айында олар бойынша 11 570 мәміле ресімделген, - делінген хабарламада.

2024 жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда, 2024 жылдың қазанында жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 3,8%-ға (346 мәмілеге) азайған. Қазанда барлығы 8 690 мәміле тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының ең көп өсімі Ұлытау (+42,9%), Түркістан (+21,6%) және Абай (+11,7%) облыстарында байқалды. Ал бір айдағы ең үлкен төмендеу Солтүстік Қазақстан (-28,5%), Батыс Қазақстан (-21,9%) және Маңғыстау (-21,6%) облыстарында орын алды.

2024 жылғы қазанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 18,7%-ға көбейген, ол кезде 32 975 мәміле ресімделген болатын. Мәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Ұлытау облысында (76,8%) байқалды, ең үлкен төмендеу – Түркістан облысында (-28,3%). 2024 жылдың қаңтар-қазан айларындағы мәмілелер санын 2023 жылғы қаңтар-қазан айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда 14,1%-ға өсім байқалады.

Өзгелердің жаңалығы