Қай аймақта некеге жиі тұрады?

15 Сәуір 2025, 19:26
861
Бөлісу:
Қай аймақта некеге жиі тұрады?
Фото: pixabay.com

Өткен жылы Қазақстанда 123,6 мың неке тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше,  1000 адамға шаққандағы жалпы некелесу коэффициенті – 6,13. Некенің ең жоғары коэффициенті Астанада – 7,34, Алматы облысында – 6,98 және Ұлытау облысында – 6,70.Ең азы-Батыс Қазақстан облысында, ондағы көрсеткіш 5,58 құрады.

Өткен жылы үйленгендердің басым бөлігі 20-24 жас аралығында болған, ал алғашқы некеге тұрудың орташа жасы ерлерде – 27,9 жас, әйелдерде – 25,2 жас болды. Жалпы қиылған некенің 18,2% – аралас неке.

Некеге тұрған қыздардың 41% жоғары білім болған, ерлердің 38% ЖОО-да оқыған. 

Айлар бөлінісінде ең көп неке шілде айында тіркелген – 13 739, ең азы – мамырда (8453).

Өзгелердің жаңалығы