Қауіпті инфекция: Ақтөбеде сиырлар жаппай қырылып жатыр

Бүгiн, 00:27
278
Бөлісу:
Қауіпті инфекция: Ақтөбеде сиырлар жаппай қырылып жатыр
Фото: BAQ.KZ - архив

 Ақтөбе облысында үй жануарлары арасында қауіпті инфекцияның таралуы салдарынан карантин енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, өңірдегі Ойыл ауданы Көптоғай ауылындағы фермада төрт сиыр өліп қалған.

Оқиға орнына келген мамандар зертханалық зерттеулер жүргізген соң ірі қараның өліміне эмфизематозды көршиқанның себеп болғанын анықтаған. Ветеринарлар эмфизематозды көршиқан – зақымдалған топырақта жиі кездесетін бактериялар тудыратын қауіпті дерт деп отыр.

Бұл дерт көбінесе жас малдарға жұғады.

Қазіргі таңда аталған ауылдағы ферма екі апта карантинге жабылды.

Өзгелердің жаңалығы