Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қауіпсіздік Кеңесінің бөлім меңгерушісі лауазымынан босатылды

15 Қаңтар 2024, 09:05
819
Бөлісу:

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының өкімімен Русланбек Кеңесбекұлы Бекжігітов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.

Русланбек Бекжігітов 1971 жылы 13 қаңтарда дүниеге келді. 1989 жылы Бауыржан Момышұлы атындағы әскери мектепті аяқтағаннан кейін А. Можайский атындағы әскер-ғарыш инженерлік академиясына түскен. Сонымен қатар Құқықтану академиясы – «Әділет» жоғары заң мектебінде оқыған.

Әскери-әуе күштерінің әскери бөлімдерінде және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің орталық аппаратында әртүрлі лауазымдарда қызмет етті (1994-1999);

Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінде қорғаныс және құқықтық тәртіп мәселелеріне жетекшілік етті (1999-2002);

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының қызметкері (2002-06.2015 ж.);

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің жалпы қауіпсіздік мәселелері басқармасының басшысы (06.2015-03.2021).

2022 жылы 25 мамырдан бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметінде болды.

Өзгелердің жаңалығы