Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасының шешімімен Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесінде бірқатар тағайындау жасалды, деп хабарланды elbasy.kz сайтында.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасының шешімімен Тимур Ғазизбекұлы Тәшімбаев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары; Қайыргелді Қайратұлы Есенеев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі;Азамат Өмірзақұлы Бейісбеков Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Елбасының шешімімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты бірқатар лауазымды тұлға жұмысынан босатылды.
Басқа жұмысқа ауысуына байланысты Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары қызметінен; Андрей Анатольевич Калинин – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінен босатылды,- делінген elbasy.kz сайтында.