Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қанат Сейдгапбаров Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары болып тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Серікұлы Сейдгапбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.