«Қауіпсіз жол». Елордада 112 мас жүргізуші ұсталды

15 Тамыз 2022, 20:12
1435
Бөлісу:
«Қауіпсіз жол». Елордада 112 мас жүргізуші ұсталды

Елордалық полицейлер «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде 112 жүргізушіні мас күйінде, бұрын басқару құқығынан айырылған 18 жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

340-тан астам жүргізуші жаяу жүргіншілердің қозғалысына басымдық бермеген.

Жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері 15 100-ден астам ЖҚЕ бұзушылық анықталды. Коммуналдық тұраққа 420 автокөлік орналастырылды.

Мамандандырылған патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «TOYOTA» маркалы автокөліктің 41 жастағы жүргізушісін ұстады. Куәландыруға сәйкес, ер адам мас күйінде болған.

Құжаттарды тексеру барысында жүргізуші мас күйінде болып қана қоймай, көлік құралын басқару құқығынсыз тізгіндегені анықталды. 

Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды, бұл жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды. 

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жүргізушілерге жол ережелерін қатаң сақтауды және мас күйінде көлік жүргізбеуді ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы