Қауіпсіз қала: Теміртауда 500 бейнебақылау камерасы орнатылады

10 Шілде 2024, 17:30
236
Бөлісу:
Қауіпсіз қала: Теміртауда 500 бейнебақылау камерасы орнатылады
PHOTO
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Халық көп жүретін көшелермен тығыз орналасқан шағын аудандарда және Теміртаудың қараңғы аулаларында тағы 500 бейнебақылау камерасыорнатылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сондай-ақ, бейнекамералар қаланың жанармай құю станцияларына орнатылады. Осы арқылы тұрмыстық баллондарға сұйытылған газ құятындарды анықтамақ.

Тәулік бойы жұмыс істейтін бейнебақылау қажет болған жағдайда жылдам ақпарат алуға, жол қозғалысын бақылауға, төтенше жағдайлардың алдын алуға және қоғамдық тәртіпті сақтауға ықпал етеді.Теміртауда бұған дейін 800 камера болған, енді олардың саны 1300-ге көбеймек. Жаңа камералардың түсіру сапасы жоғары, жарық жоқ кездері де түсірілім жасау мүмкіндігі бар. Мұның бәрі кескіннің анық және бейнебақылау жүйесінің тиімді болуына әсер етеді,  – деп атап өтті әкімнің қоғаммен байланыс жөніндегі көмекшісі Гүлнұр Әбдіғалиева.

Қауіпсіз қала: Теміртауда 500 бейнебақылау камерасы орнатылады

Құрылғыдағы суреттер тікелей жергілікті полиция бөлімінің жедел басқару орталығына түсіп отырады.

Қауіпсіз қала: Теміртауда 500 бейнебақылау камерасы орнатылады

Сондай-ақ, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалада автожолдарды жөндеу жалғасуда. Бүгінгі таңда Қарағанды көшесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды,

Қауіпсіз қала: Теміртауда 500 бейнебақылау камерасы орнатылады

С. Сейфуллин, Аманжолов және Республика даңғылында фрезерлеу жүріп жатыр. Теміртаудағы Оң жағалаудың Солтүстік және Батыс көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары басталды.

Өзгелердің жаңалығы