Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агритехникалық университетінің жанынан "Жер мәселелері бойынша азаматтарға кеңес беру орталығы ашылды".
Жер мәселелері бойынша консультациялық орталық Елорда маңындағы тұрғындардан бастап барша Қазақстандықтарға консультациялық қызмет көрсетуге қауқарлы. Елімізде жер пайдаланушылар қатарында саяжайлардың, жеке үйлердің, учаскелердің, ауыл шаруашылығы жерлерінің иелері мен гараждардың иелері бар. Осы жер пайдаланушылар өз територияларына байланысты түрлі ірілі - ұсақты сұрақтар туындаған кезде мемлекеттік органдарға жүгінеді. Бірақ мәселе бір орталықтан шешіліп бір жерден жауап алу мүмкін болмайды. Салдарынан азамат бірнеше мекемеге бас сұғады. Осы олқылықтың орнын толтырып, «бір терезе» қағидаты негізінде студенттерді тарта отырып, кеңес беру орталығы құрылды. Өтініш беру өте қолайлы. Өтініштер телефон арқылы немесе әлеуметтік желілердегі хабарламалар арқылы да қабылданады.
Студенттер мен оқытушылардан құралған жобалық топ қазірдің өзінде жұмысқа кірісіп кетті. Өтініш түсіп, барлық жұмыс толығымен аяқтағаннан кейін орындалған жұмыс актісіне екі жақты қол қойылады. Қажет болған жағдайда Келіп түскен өтінімдерді өңдеу жұмысына университеттің студенттерінен бөлек, агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру саласындағы жерге орналастыру, сәулет және дизайн факультеті мен Технологиялық құзіреттілік орталығының мамандары тартылып отыр. Сондай ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ да консультациялық көмек көрсетеді.
Сонымен бірге мамандар жергілікті жерге барып, заманауй технологиялық тұрғыдан мәселені анықтауға да қатысады.
Біз алдымен жұмысты студенттерді іріктеуден бастадық. Жапы қабылданған 250 студенттің ішінде 94 ерікті жобаға қатысуға ниет білдірді. Өтініштер телефон арқылы немесе әлеуметтік желілердегі хабарламалар арқылы қабылданады, содан кейін олар базаға енгізіледі, одан әрі орындаушы маман айналысады. Түпнұсқа тексеру үшін сарапшыға беріледі. Осылайша сараптама оң болған жағдайда, түпкілікті жауап өтініш берушіге жіберіледі,- дейді орталық жетекшісі Фараби Ермеков.
Орталық қызметкерлері сауатты әрі жан-жақты жауап берілу үшін жер заңнамасы бойынша толық ақпарат болуы керек. Бұл бағытта студенттер алдын ала дайындық курстарынан өтіп отыр.
Айта кету керек, бұл орталық агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру саласындағы жерге орналастыру, сәулет және дизайн факультеті мен Технологиялық құзіреттілік орталығының бірлескен жобасы,- дейді Фараби Ермеков.
Жобаны ұйымдастырып, оның университет қабырғасында жұмыс жасауына университет басшылығы мен Жер ресурстарын басқару, сәулет және дизайн факультетінің деканы Төлеубекова Жанат Зекенқызы, үлкен қолдау көрсетіп отыр. Сонымен қатар, қойылған сұраққа жауап бере отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ консультациялық көмек көрсететіп отыр. Одан бөлек «QazBederProject» ЖШС басшысы Жәнібек Саттыбаев студенттерге арнайы біліктілігін арттыру мақсатында семинар-тренингтер ұйымдастырған.
Осы мамандардың көмегімен шәкірттердің деңгейін көтеріп, түрлі семинарларға қатысып, келіссөздер жүргізуді үйреніп, заңнамалық тұрғыда қалай қыймылдау керектігін ұққанан кейін толығымен жұмысты қолға алынған. Оған дейін орталық жеке тұрғыда емес біріккен тәртіппен жұмыс атқарып тәжірибе жинақтаған.
Біз келіп түскен ақпаратты дереу орындауға кірісеміз. Осыған дейн бізге берілген ақпараттар дерегін қолданамыз. Егер жұмыс күрделене түссе жетекшілеріміз бен құзіретті орындарға жүгінеміз. Осылайша уақыт оздырмай мәселені шешуге тырысамыз,-дейді орталықтың маманы КазАТУ дың 2 курс студенті Мадина Төлегенқызы.