Қатты жел мен үсік: 24 қазанда қай өңірлерде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, қатты жел соғып, үсік жүреді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

 pixabay.com 24 Қазан 2025 2025, 10:30
24 Қазан 2025 2025, 10:30
820
Фото: pixabay.com

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, қатты жел соғып, үсік жүреді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, Талдықорған мен Жетісу облысында 3 градусқа дейін үсік жүріп, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді деп күтілуде.

Атырау, Абай және Жамбыл облыстарында тұман түсіп, өрт қаупі жоғары болады.

Орал, Павлодар, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында да тұман күтіледі.

Ақтау, Атырау, Жезқазған, Шымкент, Түркістан қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау, Ұлытау және Түркістан облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Наверх