Қатты қазбаларды барлауға лицензия алуға өтініштерді қабылдау мерзімі өзгерді

17 Қазан 2022, 12:38
770
Бөлісу:
Қатты қазбаларды барлауға лицензия алуға өтініштерді қабылдау мерзімі өзгерді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.10.2022 жылғы №566 бұйрығымен қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия алуға өтініштерді қабылдау күні 2022 жылғы 17 қазаннан 2023 жылғы 27 наурызға ауыстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мерзімді ұзартудың себебі -  ИИДМ ЭГТРМ-мен бірлесіп жер қойнауын пайдалану үшін барлық қолжетімді аумақты ашу жұмыстарын жүргізуі.

Бұдан басқа, жер қойнауын пайдаланушылардан жер қойнауын пайдалану салдарын жою және барлық инвесторлар үшін ашық және тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына қайта қосу жөнінде ақпарат алу мақсатында бұрын кері қайтарып алынған қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензиялар бойынша жер қойнауы учаскелерін алып тастау жөнінде мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына өзгерістер енгізілді.

Еске сала кетейік, 2022 жылғы 29 шілдеде №430 ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. Бұйрығымен «мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын бекіту туралы» 2018 жылғы 28 маусымдағы №478 бұйрыққа өзгерістер енгізілді. Осы бұйрықпен мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына алғаш енгізілген Жер қойнауы учаскелері бойынша қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия алуға өтініштерді қабылдау мерзімі 2022 жылғы 17 қазанға белгіленген болатын.

https://www.gov.kz/memleket/entities/miid/documents/details/358376?lang=kk

Өзгелердің жаңалығы