«Qatar Airways» Қазақстанға тұрақты рейстерін ашады

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;2021 жылдың 19 қарашасынан бастап&nbsp;«Qatar Airways»&nbsp;әуе компаниясы Доха – Алматы – Доха бағыты бойынша Қазақстанға тұрақты рейстермен ұшуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.</h4>

 3 Қараша 2021 2021, 18:00
3 Қараша 2021 2021, 18:00
1334

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 19 қарашасынан бастап «Qatar Airways» әуе компаниясы Доха – Алматы – Доха бағыты бойынша Қазақстанға тұрақты рейстермен ұшуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес А-320 әуе кемелерімен аптаның дүйсенбі және жұма күндері 2 реттен орындалады.

Екі ел арасында тұрақты рейстердің ашылуы сауда-экономикалық, мәдени және туристік қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Наверх