Қатар-2022: Хорватия суперсенсация жасады

10 Желтоқсан 2022, 00:05
6410
Бөлісу:
Қатар-2022: Хорватия суперсенсация жасады

Жартылай финал үшін болған матчта Бразилия жеңіліс тапты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.   

Бірінші таймда фаворит саналған бразилиялықтардың шабулы қанша жиілегенмен Ливакович қорғаған қақпаға гол соға алмады. Ойынның негізгі уақыты тең аяқталды.   

Қосымша таймда  Неймар, 105+1 (0:1) есеп ашып, бразиялық жанкүйерлерді қуантты. Алайда, Петкович 117 (1:1) тараз басын теңестіріп кетті.

Пенальти сериясын әбден меңгерген хорваттар Алиссонның осал тұсын оңай тапты. Бразилия сапынан Родриго  Ливаковичтен айласын асыра алмады. Соңғы болып тепкен Маркиньос қақпаның бағанасына тигізді. Ақыры пенальтиден Хорватия 4:2 есебінен жеңіске жетті. 

Сонымен Хорватия - Бразилия статистикасы осындай:

Соққылар- 9:19;

 Бұрыштама добы - 3:7;

 Офсайдтар - 3:3;

 Сэйвтер - 10:0;

 Ереже бұзу- 22:24;

 Сары қағаздар- 2:3

 Қызыл қағаздар - 0:0;

 Допқа иелік ету - 50%: 50%. 

Өзгелердің жаңалығы