Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына жасаған жұмыс сапары аясында Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізіп, жан-жақты әңгімелесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Сондай-ақ өзара құрмет пен екі ел халықтарының мүддесіне негізделген сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстардың маңызды бағыттары бойынша серіктестікті одан әрі дамыту қажеттігі атап өтілді, - деді Руслан Желдібай.
Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 8-9 мамыр күндері Ресейге барды.