Қасым-Жомарт Тоқаев Ржевтегі совет солдатына арналған мемориалға барды

Мемлекет басшысы Ресейдің Тверь облысына жасаған сапары аясында Ржевтегі совет солдатына арналған мемориалға гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

8 Мамыр 2023 2023, 23:01
АВТОР
 Ақорда 8 Мамыр 2023 2023, 23:01
8 Мамыр 2023 2023, 23:01
2393
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ресейдің Тверь облысына жасаған сапары аясында Ржевтегі совет солдатына арналған мемориалға гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Президент құрмет қарауылымен бірге ескерткішке гүл шоғын қойып, қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті. Биіктігі шамамен 25 метр болатын қоладан құйылған солдат мүсіні он метрлік қорған төбенің басына орнатылған. Құрыш қабырғаларда Отан қорғаушы жауынгерлердің есімдері жазылған.

Ржев шайқасы – қанды қырғын болған ең сұрапыл соғыстың бірі. Кеңес әскері бұл жерде, із-түзсіз жоғалғандар мен жараланғандарды қоса алғанда, 1,3 миллионнан астам  адамынан айырылды.

 

 

Наверх