Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Бейжің қаласында Екінші дүниежүзілік соғыстағы және жапон басқыншылығына қарсы күрестегі Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған әскери парадты тамашалады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына орай өткен әскери парадты тамашалаған мәртебелі меймандардың құрметіне ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің атынан ұйымдастырылған салтанатты қабылдауға қатысты.


