Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті.

Бүгiн 2026, 13:15
АВТОР
 Ақорда Бүгiн 2026, 13:15
Бүгiн 2026, 13:15
148
Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев Аркадаг Гурбангулы Бердімұхамедовтің Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы ғасырлардан тамыр тартатын достыққа, тату көршілікке және өзара құрметке негізделген стратегиялық серіктестікті нығайтуға елеулі үлес қосқанын атап өтті, - деп жазылған Ақорда хабарламасында.

Әңгімелесу барысында тараптар қазақ-түрікмен қарым-қатынасының жоғары деңгейіне назар аударып, екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен өзара ықпалдастық перспективасын талқылады. 

Наверх