Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімелесу барысында екі ел ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен алдағы перспективасы талқыланды

 Ақорда 8 Маусым 2025 2025, 17:33
8 Маусым 2025 2025, 17:33
683
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті. Қазақстан Президенті мен Пәкістан Премьер-министрі бір-бірін қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтады.

Әңгімелесу барысында екі ел ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен алдағы перспективасы талқыланды.

Наверх