Қасым-Жомарт Тоқаев ICAO кеңесінің президентін қабылдады

12 Қараша 2024, 20:00
228
Бөлісу:
Қасым-Жомарт Тоқаев ICAO кеңесінің президентін қабылдады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев ICAO кеңесінің президенті Сальваторе Шаккитаноны қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) басшысымен кездесу барысында авиация саласын дамыту перспективасы талқыланды.

Мемлекет басшысы ICAO-мен нәтижелі ынтымақтастық орнатқан 30 жыл ішінде Қазақстанның Ұйым стандарттарына сәйкестігі 82 пайызға жеткенін атап өтті. Бұл – дамыған Еуропа елдерімен тең деңгейдегі көрсеткіш.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, әуежайларды жаңғырту, әуе кемелері паркін ұлғайту және «ашық аспан» режимін енгізу бағытындағы дәйекті шаралардың нәтижесінде ұшу географиясы айтарлықтай кеңейіп, халықаралық рейстердің саны артты.

Өз кезегінде ICAO кеңесінің президенті Қазақстанмен әуе тасымалының қауіпсіздігі және тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатындағы серіктестікті одан әрі нығайтуға қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Сонымен қатар еліміздің азаматтық авиация саласындағы табысын жоғары бағалады.

Сальваторе Шаккитано Қазақстанның Ұйым жанынан тұрақты өкілдігін ашқаны үшін ризашылығын білдіріп, келесі жылы Астанаға сапармен келуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы