Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңге барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.Еске салайық, Тяньцзинь қаласында өткен ШЫҰ саммиті аяқталған соң Президент Тоқаев қытай астанасына баратыны айтылған.Мемлекет басшысының сапары Бейжіңде жалғасын табады.Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ-қытай іскерлік кеңесіне қатысып, көрші елдің ірі компаниялары басшыларымен кездесу өткізеді. Сонымен қатар Қазақстан мәдени орталығының ашылу рәсіміне барады.