Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына барды. Бұл мәліметті Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли растады.
Президент Алматыға барғанын растаймыз. Алматыдағы жедел штабтың отырысына қатысты. Сондай-ақ қайтыс болған тәртіп сақшылары, әскери қызметкерлердің отбасы және туыстарымен кездесіп, көңіл айтып, наградаларды табыстады, - деді баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының жедел басқару орталығына барғаны белгілі болды. Жедел жәрдем ауруханасында жатқан зардап шеккендерге барып, жағдайын сұрады.