Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Мемлекет басшысы twitter-де жазды.
«Қасіретті қаңтар» оқиғалары кезінде және төтенше жағдай енгізілгеннен кейін түрлі құқықбұзушылық жасағаны үшін 2 мыңға жуық адам ұсталды. Қылмыс жасаған адамдар заң бойынша жауапқа тартылады, – деп жазды Президент.
Сондай- ақ Мемлекет басшысы Бас прокуратураға басқа адамдардың кінәсі қандай дәрежеде екенін анықтауды тапсыратынын да айтты.
Бас прокуратураға басқа адамдардың кінәсі қандай дәрежеде екенін анықтауды тапсырамын. Жауаптылықты ауырлататын мән-жай болмаса, жазаны жеңілдету үшін шара қабылдаған жөн, – деді Тоқаев.