Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада қаңтар қасіретіне арналған «Трагический январь. Как это было» деректі фильмі жарық көрді.
«Хабар» агенттігі түсірген деректі фильмде елде болған жаппай тәртіпсіздіктердің хронологиясы баяндалады.
Фильм авторы «Хабар» агенттігінің тілшісі Айгүл Әділова. Туындының ұзақтығы – 20 минут.
Автордың сөзінше, деректі фильмді дайындау үшін 7 маман еңбек еткен және 1 аптадай уақыт жұмсаған.
Деректі филмьді түсірудегі мақсатымыз – қаңтар оқиғасының қалай болғанын тізбектеп көрсету. Яғни 1 қаңтарда Жаңаөзендегі бейбіт шеруден бастап жаппай тәртіпсіздіктердің хронологиясы ұсынылады. Сондай-ақ, фильм арқылы халықтың ауызбіршілігі мен тұтастығын дәріптейміз. Себебі дер кезінде бірлікке келмегенде оның соңы немен аяқталатынын ешкім білмес еді. Әрине, одан бөлек Мемлекет басшысының шұғыл әрі сенімді шешімдері де арқау болды, - деді «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин.
Бекхожиннің мәлімдеуінше, Қаңтар оқиғасы қазақстандықтар үшін күтпеген жағдай болды. Және оқыс оқиға елмен қатар бүкіл әлем назарын өзіне аудартты.