Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Қашып құтыламын": Жол ережесін өрескел бұзған мотоцикл жүргізушісі қамауға алынды

10 Қыркүйек 2025, 09:59
548
Бөлісу:
 pixabay.com
VIDEO
Фото: pixabay.com

Астанада жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған мотоцикл жүргізушісі қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Оқиға Тұран даңғылында болған. Полицейлер жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, құқық қорғау органдарынан қашпақ болған 19 жастағы мотоцикл жүргізушісін ұстады. Анықталғандай, жас жігіт мотоцикл тізгінінде келе жатып, патрульдік полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы заңды талабын елемей, қозғалысын жалғастырған және бірнеше рет бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. 

Кейін ол мотоциклін автожуу орнында тастап, жаяу қашпақ болды. Алайда бейнебақылау камераларының көмегімен анықталып, қолға түсті. 

Тексеру барысында құқық бұзушының жүргізуші куәлігінің жоқ екені, ал мотоциклде жалған нөмірлер орнатылғаны белгілі болды. Сонымен қатар көлік оған басқа тұлға тарапынан берілгені анықталды. Бұзушыға қатысты бес әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен ол 15 тәулікке қамауға алынды. Мотоцикл коммуналдық тұраққа қойылды, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Астанада 24 жүргізуші мас күйінде ұсталған болатын.

Өзгелердің жаңалығы