«Қашан үйленесің» деп айта беру жақсылыққа әкелмейді. Психолог бұл сөзді айтушыларға кеңес берді

28 Шілде 2022, 16:21
14961
Бөлісу:
«Қашан үйленесің» деп айта беру жақсылыққа әкелмейді. Психолог бұл сөзді айтушыларға кеңес берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Біздің қоғамда жеке өмірге қатысты сұрақ қою қалыпты нәрсе. Жалпы, жұрт мұндай сұрақты не үшін қояды? Естіген адам қандай күй кешеді? Психолог мамандардың пікірін білдік.

Қашан үйленесің? Қашан тұрмысқа шығасың? деп айта беру адамға ыңғайсыз жағдайға қалдырады. Бұл өте жекеге өтетін сұрақ. Мәселен, сен қанша жалақы аласың? оны қайда жұмсайсың? деген сұрақтар сияқты. Оны әрбір адамның өзіне ғана жақын, сенетін адамы сұрауға болады. Ал жай жақын, не таныстарының айтуы өте оғаш естіледі. Әркім қоя беруге болмайды. Сол себепті кез келген адам сұрай беруі жөнсіз, - деді психолог Серікгүл Сәли. 

Серікгүл Сәлидің айтуынша, өмірбойы отбасын құрмайтын адамдар типі болады. 

Отбасын құрғысы келмейтін бірақ жағдайы жақсы, мансабында толағай табысқа жеткен азаматтар болады. Көпшілік арасында ондай адамдар өзіне күтімді қатты жасауымен ерекшеленеді. Қоғамда 5 пайыз кездесетін ондайқыз-жігіттер бала сүю немесе ұрпақты жалғастыруға деген ойы болмайды, яғни миссиясы жоқ. Олар бұл дүниеге келгенде сондай психикамен туылады. Мұндай жандарға түсінікпен қарау керек. Оның отбасы үшін тумаған адам екеніне түсінікпен қарау керек, - деді ол. 

Ал психотипке жатпайтын адамдар сырттай бейнесінен көрініп тұрады. Ондай отбасын құрмай жүрген адамдар өз табиғатына қарсы келгендер деп атап өтті психолог. 

Тағы бір маман Арайлым Тоқсанбаева қазір жасөспірімдердің көбі идеалды адамды тапқысы келеді. Сондықтан шаңырақ құру жолында ұзақ жүріп қалады дейді. 

Қазіргі таңда балаларға бүкіл дүние әсер етіп жатыр. Оның ішінде қоршаған орта мен әлеуметтік желінің тәрбиесі де бар. Отбасын құруға деген алшақтық адамның бала кезінде көрген жан-жарасынан пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ материалдық жағдайына қатысты себептер тағы бар. Әрине, бұл мәселеде әр адамды жеке-жеке қарастырумыз қажет, - деді сарапшы. 

Ол қаша қашан үйленесің немесе тұрмыс құрасың деп айта берудің мүлдем зая екенін түсіндірді. 

Бұл сөздер кері әсерін береді. Олай айтқаннан гөрі ол адамға кездесу ұйымдастыру немесе басқа да ұсыныс жасаған дұрыс. Қашан үйленесің деп айтқан сайын жастар ол сөзді естуден қашады.  Жалпақ тілде айтқанда, қазіргі жастарға олай кім айта берсе келесіде сол үйге бармауға тырысады. Біздің болмысымызда отырыс кезінде адамның шекарасын білмей қалатыны бар,- деп атап өтті психолог. 

Өзгелердің жаңалығы