Қашағандағы ауысым жұмысшылары АЭС құрылысына дауыс берді

Бүгiн, 17:41
119
Бөлісу:
Қашағандағы ауысым жұмысшылары АЭС құрылысына дауыс берді
Фото: Арман Мухатов

Қашағандағы ауысым жұмысшылары референдумға қатысып, атом электр станциясының құрылысына дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Каспий теңізіндегі D жасанды аралында жұмыс істейтін 870-тен астам қызметкер дауыс беруге өтініш білдірді. Референдум комиссияларының мүшелері тікұшақпен аралға ұшып, сайлау барысын ұйымдастырды.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының сағат 14:00-де жарияланған алдын ала мәліметі бойынша, Атырау облысында сайлаушылардың 52,91 пайызы дауыс берді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, яғни 6 қазанда Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Еліміз бойынша 10 249 сайт жұмысын бастады. Сайлаушылар тізіміне 12 миллион 244 мың 683 азамат енгізілген.

Өзгелердің жаңалығы