Қашаған СМГ жеткізу туралы шартқа қол қойылды: мақсат – энергетикалық қауіпсіздік

5 Қыркүйек 2024, 08:39
368
Бөлісу:
Қашаған СМГ жеткізу туралы шартқа қол қойылды: мақсат – энергетикалық қауіпсіздік
Фото: gov.kz

Солтүстік-Каспий жобасының серіктестері мен «QazaqGaz» ҰК» АҚ арасындағы келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен «PSA» ЖШС қатысуымен тараптар Қашаған сұйытылған мұнай газын сатып алу-сату мәмілесінің шарттары бойынша келісімге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл қадам Қазақстанның ішкі нарығында сұйытылған мұнай газына (СМГ) жоғары сұранысқа байланысты болды.

Шартқа қол қою жоба бойынша түпкілікті инвестициялық шешім қабылдауға бағытталған ынтымақтастық аясындағы маңызды кезең болды. Келісім шарттарына сәйкес Қашаған сұйытылған мұнай газын жеткізу инфрақұрылымдық жұмыстар аяқталғаннан кейін 2027 жылға қарай жылына 700 мың тоннадан астам максималды жобалық қуаттылыққа жету 2025 жылдың соңына жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта «QazaqGaz» ҰК» АҚ Қашаған сұйытылған мұнай газын қабылдауды, сақтауды, қайта тиеуді және фракциялауды қамтамасыз ету үшін қажетті технологиялық жабдықтарға тапсырыстарды жобалау және орналастыру бойынша жұмыстарды жүргізуде. Бұл жеткізілімдер Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайына оң әсерін тигізеді, сұйытылған мұнай газының тапшылығын азайтуға көмектеседі және елдегі газ-химия өнеркәсібінің дамуына ықпал етеді.

Өзгелердің жаңалығы