«Қашаған» кен орнының өндірістік қуаты артады

7 Қыркүйек 2023, 04:27
811
Бөлісу:
«Қашаған» кен орнының өндірістік қуаты артады
Фото: скрин

«Қашаған» кен орнынан бір жылда алынатын мұнай көлемі 75 млн тоннаға жетуі мүмкін. Сарапшылар осындай болжам жасап отыр. Бүгін Үкімет басшысы елордада мұнай-газ саласы мамандарының салтанатты жиынына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кен орнында газ өңдеу қуатын дамыту маңызды мәселе. Ол бойынша Мемлекет басшысы Үкіметке тиісті тапсырма берді. Біз оны белгіленген мерзімде әрі толық көлемде орындауымыз керек, - деді Әлихан Смайылов.

Қазір бұл кен орнынан 90 млн тонна мұнай, 55 млрд текше метр газ өндірілген. 10 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Сонымен қатар, Үкімет басшысы Президенттің Жарлығына сай Солтүстік Каспий жобасының ардагерлерін Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградасымен марапаттады.

Өзгелердің жаңалығы