Қала көшелеріндегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету барысында Мейіржан Пердешов пен Бексұлтан Мүсірәли Қонаев-Рысқұлов қиылысындағы көпір қоршауынан шығып тұрған адамды байқаған. Жас қыз төменге секіруге бел буған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz. сілтеме жасап.
Жедел әрекет етудің арқасында инспекторлар оны ұстап қалып, қауіпсіз жерге шығарды. Қазіргі таңда бойжеткеннің өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.
Бір сәтке де баяулатуға болмады. Әріптесіммен бірге адам өміріне араша түстік. Қайғылы оқиғаның алдын алып үлгердік. Бұл біздің перзенттік әрі қызметтік борышымыз, - дейді офицерлер.