Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Әбдірахманов Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

 25 Ақпан 2022 2022, 10:28
25 Ақпан 2022 2022, 10:28
1703

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Әбдірахманов Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрлан Алмасұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды;

Олжас Төлегенұлы Қизатов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Наверх