Қаржы министрлігі: 1 млн-нан астам қазақстандық банкрот деп танылуы мүмкін

29 Желтоқсан 2022, 13:51
1625
Бөлісу:
Қаржы министрлігі: 1 млн-нан астам қазақстандық банкрот деп танылуы мүмкін

Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

«Елімізде несиесін әрең төлеп жүрген қанша қазақстандық бар? Соның негізінде банкроттық туралы заң қабылданғаны белгілі. Елдің қанша азаматы осы банкроттың туралы заңның көмегіне жүгінуі мүмкін?» деп сұрады БАҚ өкілі ведомство басшысының орынбасарынан. 

Бұл заңнама барысында қазіргі таңда бізге жүгінетін адамдардың саны 1 млн 170 мың адамға дейін жетуі мүмкін. Оның ішінде, 31 мың адам – сот процедурасымен өздерін банкрот деп тануы ықтимал. Бірақ айта кетерлігі, бұл процедураға жүгіну-жүгінбеу азаматтың өз еркінде. Біз қарызы бар адамдарды бізге келіңіз немесе сотқа барыңыз деп үгіттей алмаймыз. Ол әр азаматтың салмақты ойланып қабылдаған шешімі болуға тиіс, - деп атап өтті вице-министр Сенаттың жалпы отырысынан кейін кулуарда тілшілерге берген сұхбатында.

Айтуынша, банкроттық деп танылудың үлкен салдары бар. Оның бірі – азамат 5 жылға дейін ломбард ұйымдарынан басқа, ешқандай несие ұйымдарына жүгіне алмайды. 

Себебі үлкен салдар бар. Егер арнайы әлеуметтік төлем алатын адамдардың санына келсек, бүгінгі таңда 37 мың адам осы заңның аясында банкрот деп танылуы мүмкін. Оның 420-сы  сот арқылы бізге арыздана алады. Бізде өңірлер, аудандар бойынша бәрінің тізімі бар, - деді Ержан Біржанов. 

Еске сала кетейік, бүгін Сенат «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңды қабылдады. 

Өзгелердің жаңалығы